22 августа 2020 г. 8:47

Фоторепортаж: Бартоғай

Фото:

 Алматы облысындағы Шелек өзенінің таудан шыға беріс аңғарында орналасқан Бартоғай су қоймасын бірі білсе, бірі білмейді.

Алматыдағы туристік орталықтар соңғы уақытта Бартоғайға сапарлауды жиілетті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы тур ұйымдастырып жүр.

Жуырда nege.kz порталының тілшісі Бартоғайға барып, фоторепортаж түсірді. 

Бартоғай су қоймасы – сексенінші жылдары ауыл шаруашылығына қажетті суды жинақтау үшін Шелек өзенін бөгеу нәтижесінде пайда болған. 

1986 жылы Бартоғай су қоймасы толықтай пайдалануға беріледі. Мұнда бүгінде 320 млн текше метр су жиналады. Ал жалпы сыйымдылығы 870 млн текше метр. Ғалымдардың бағалауы бойынша бөген 10 жылда салынған шығынды толығымен ақтаған. Өйткені Бартоғайдың суымен 150 мың гектар жер суғарылады. Суқоймаға Түрген, Есік, Қаскелең сынды өзендер құйылса, ұзындығы 168 шақырымдық Үлкен Алматы өзені осы суқоймасынан бастау алады.

Суқоймасы маңында экологиялық туризм дамып келеді. Өйткені Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан әрі табиғаты әсем. Мұнда жыл сайын мыңдаған турист келіп, демалады. Бөген маңында табиғат аясында серуендеп, балық аулаумен қатар, Шелек өзені бойымен рафтинг ұйымдастыруға болады. 

Тегтер: