30 декабря 2025 г. 11:14

ForteBank Home Credit Bank-тің 100% акциясын сатып алды

Фото: ForteBank

ForteBank Home Credit Bank-тің капиталына қатысу үлесі 75%-дан 100%-ға дейін өсіріп, 100% акциясын сатып алу мәмілесін аяқтады. Осылайша, ForteBank Home Credit Bank-тың жалғызі акционер болды, деп хабарлады банк өкілдері.

Астана, NEGE. Мәміле туралы алғаш рет 2025 жылғы 27 маусымда хабарланды, ал акцияны сатып алу рәсімдері 30 желтоқсанда аяқталды.

Банк мәлімдемесінде Home Credit Bank штаттық режимде жұмысын жалғастыратыны айтылған.

«Home Credit Bank клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін әдеттегідей орындауды жалғастыра береді. Шарттар мен сервистер штаттық режимде сақталады. ForteBank және Home Credit Bank клиенттері үшін қызмет көрсету талаптары мен барлық арнаның жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады: бөлімшелер, колл-орталықтар және цифрлық сервистер қалыпты режимде жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

ForteBank – Қазақстандағы жетекші банктердің бірі, бөлшек, ШОБ және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.