Forbes тізімін Кайли Дженнер мен Канье Уэст бастады
Forbes журналы жыл сайынғы ең танымал бай адамдардың тізімін жариялады.
Алматы, NEGE. Бұл жолы көш басында Кайли Дженнер, Канье Уэст және Роджер Федерер. Басылымның ақпарына сай, 2019 жылы америкалық модель, бизнес-вумен Кайли 590 миллион доллар табыс тапқан. Оның 540 миллионы өзінің косметикалық компаниясы Kylie Cosmetic-тағы үлесін сатқаннан түскен. Екінші орында Дженнердің әпкесі Ким Кардашьянның күйеуі, рэпер Канье Уэст. Ол бір жылда 170 миллон долларға еңбектеніпті. Бұл қаражаттың басым бөлігі Yeezy брендінің кроссовкалар сатылымынан түскен. Үшінші орында 106 миллион доллар тапқан теннисші – Роджер Федерер. Үздік бестікті Криштиано Роналду мен Лионель Месси қорытындылапты.