5 апреля 2023 г. 16:09

FORBES тізімі: ҚҰЛЫБАЕВТАР байыған үстіне байи түсті

Фото:

Соңғы бір-екі күнде жұрттың бәрі қымбаттайын деп жатқан жанармайды сөз етуде. Бірақ сол жанар-жағармайға тікелей қатысы бар Құлыбаевтардың күн санап байып жатқаны ұмыт қалғандай...

Әйгілі Forbes журналы әлемдегі байлардың жыл сайынғы тізімін жаңартып жариялады. Бұл тізімге Қазақстанның алты азаматы кірген. Олар – Тимур және Динара ҚҰЛЫБАЕВТАР, Владимир КИМ, Болат ӨТЕМҰРАТОВ, Вячеслав КИМ және Тимур ТУРЛОВ.

Тізімдегі бесеудің екеуінің ақшасы азайып, үшеуінікі өскен. «Кедейленгендер» – «Қазақмыстың» қожасы Владимир КИМ мен Н.Назарбаевтың бір кездердегі «оң қолы» Болат ӨТЕМҰРАТОВ.

В.Ким.

Өткен жылы ғана Кимнің қалтасында 5 млрд доллары бар еді, биыл ол 400 млн доллар жоғалтыпты.

Б.Өтемұратов.

Б.Өтемұратов 2022 жылы 2,8 млрд доллармен 1096-орында тұрған. Ал биылғы байлығы – «бар-жоғы» 2,7 млрд доллар. Жоғалтқаны – 100 млн доллар.

Байлығы артқан үшеудің ішіндегі жұртшылық үшін ең ашығы – Kaspi Bank иесі Вячеслав КИМ. Өткен жылы ғана Кимнің байлығын 2 млрд долларға бағалаған журнал биыл 3,6 млрд доллар есептеп беріпті.

В.Ким.

Freedom Holding брокерлік компаниясын басқаратын Тимур ТУРЛОВТЫҢ қалтасында өткен жылы 2,4 млрд доллар бар еді, биыл қалтасы қампая түсіпті – 3,1 млрд доллар.

Т.Турлов.

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеубаласы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен қызы Динара ҚҰЛЫБАЕВАНЫҢ өткен жылы ғана 3,8 млрд доллары бар еді, биыл олар байыған үстіне байи түсіп, байлығын 4,3 млрд долларға жеткізіп алыпты.

Динара, Тимур Құлыбаевтар.

Forbes журналы Құлыбаевтардың байлығының көзін «банк және қаржы саласы» деп көрсетіпті. Алайда бұлардың мұнай мен газға да қатысы бар екенін әлдебір себептермен айтпаған.

Тегтер: