Фонограммаға тыйым салынбайтын болды, бірақ...

Жақында Turkistan халықаралық газетінде «Райымқұлова райынан қайтып қалған жоқ па? немесе өнер­паз­ды кім дейміз елді алдаса» атты мақала жа­рия­лан­ған-ды. Онда қазақ эстрадасындағы кей әншілерінің түрлі дыбыс ұлғайтқышқа арқа сүйеп, сахнада алшаң басып жүргендігі айтылған. Фонограммамен елді алдап, «жұлдыз» болғысы келетіндер қарасы көп екенін жеткізген. Сондай-ақ, тиісті министрлік талайдан сөз етіп, іс жүзінде заң жобасы әзірленбегені сыналады. Аталған мақалаға ҚР Мәдениет және спорт ми­нистрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев ресми жауап берді. Бұл жайында халықаралық Turkistan апталығы хабарлады.

«Табиғи өнердің тазалығын сақтау, фонограммамен ән айтудың өнерге, тың­дарман талғамына кері әсері туралы мәселені жан-жақты зер­делей оты­­рып, сауат­ты көтерген әрі өте орын­­ды ұсы­ныс­тар айт­қан басылым­ға ризашылық біл­діреміз. Министр А.Райымқұлова өз сө­зі­нен қайтқан жоқ. Мәдениет және спорт министрлігі бұған дейін мәлім­дегендей, өнер­дегі тазалықты то­лық қолдайды. Бұл ­–  құрғақ сөз емес», – деді Ерлан Жұрынбаев.

Министрлік өкілінің сөзінше, «Мә­дениет туралы» заңға фо­нограмма мә­селесін бақылауға және кон­церттік бағ­дарламаларды өткізу бойы­н­ша тиіс­ті өзгертулер енгізу туралы заң жо­басы әзірленгенге ұқсайды. Фонограммаға тыйым салынбаса да, әншілер онсыз ән сала алмайтындығын мойындау керек. 

«Ең ал­дымен, министр­ліктің  бастамасымен қолд­аныстағы «Мә­дениет туралы» заңға фо­нограмма мә­селесін бақылауға және кон­церттік бағ­дарламаларды өткізу бойы­н­ша тиіс­ті өзгертулер енгізу туралы заң жо­басы әзірленді. Бұл заң жобасында орындаушыларды тыңдармандарға фонограм­ма қолданатыны жайында ескертуге міндеттеу көзделіп отыр. Ал бұл ес­керт­пелерді құзіретті орган ретінде Мәдениет және спорт министрлігі қабылдайды. Оның ішінде кез келген жарнамалық (афиша, теле-радио бағдарлама) материалдарда фонограмма пайдаланылатыны не пайдаланылмайтыны көрсетілетін болады», – деді министр кеңесшісі.

Сондай-ақ, жаңа заң жобасында әншілердің әдеп ісіне бей-жай қарамауы ескерілген. 

«Сонымен қатар аталған жобада эти­ка мәселесіне, орындаушылар­дың кон­церт кезінде сахнада өзін-өзі ұстауы­на қатысты да талаптар бар. Атал­ған ұсыныстар қазіргі таңда мемлекеттік органдар тарапынан толық қолдау тауып отыр», – деленген ресми хатта.

Бір қуантқаны аталған заң фонограмма қойы­латын концерттік бағдарла­мадағы билет ба­ға­сына да әсерін тигізеді, ретке келтіреді. Әнші фонограммада ән салатынын мойындаса, патша көңілді тыңдарман кон­цертке бару немесе бармауды өзі шешеді. Бірақ, фонограммаға тыйым салу мүмкін болмай тұр. 

«Ал фонограмманы толық жоюға бай­ла­нысты кейбір мемлекеттік органдар тарапынан келіспеушілік бар. Деген­мен министр А.Райым­құлованың тікелей бақылауы­мен осы ба­ғытта заңнамалық мәселе­лерді реттеу жұмыстары әлі де табанды жүр­гізіліп жатыр», – дейді Ерлан Жұрынбаев.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты