Fokker мамандары Алматыға келмек

kaz.tengrinews.kz

Нидерландтық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Алматыға Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында мамандарды жібереді, - деп хабарлайды  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлыбританиялық GKN холдингіне кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді. 

"Стандартты хаттама аясында біз Қазақстанға техникалық қолдау ретінде шағын команданы жібереміз", - деді ол.

Fokker өкілі мұндай ақпараттың құпиялылығына байланысты, сарапшылардың қай жерде және қай құрамда жүретінін нақтыламады.