FlyArystan ұшағы құлап қала жаздады

Бізге жеткен ақпарат бойынша 16 маусым сағат 14:30 шамасында Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында ұшып шыққан Fly Arystan KC7056 рейсі әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған.

Алматы, NEGE.  FlyArystan ұшағының әуеайлаққа қайтып оралуына гидравликадағы ақаулық себеп дейді. Сағат 15:03 шамасында ұшақ апатты жағдайда сәтті қонған. 

Тілшіміз осы жағдайға қатысты FlyArystan-ға хабарласып, оқиғаның мән-жайын білмек болған. Алайда, тілшімізге жауап берген FlyArystan өкілі тек ресми сауал жолдау арқылы ғана сұрағымызға жауап алатынымызды жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты