«FlyArystan» ұшағы 2 сағат бойы қона алмады

«FlyArystan» ұшағы 2 сағат бойы қона алмай, Атыраудың аспанында ұшып жүрген.

Алматы, NEGE. 8 қыркүйекке қараған түні «Атырау-Алматы» рейсіне бағыт алған «FlyArystan» ұшағы екі сағат бойы Атырау аспанында ұшып жүрген. «FlyArystan» компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Набиеваның айтуынша, Атырау әуежайынан ұшқан ұшақтың желдеткіш жүйесі істен шыққан. Содан кейін ұшақ экипажы қайтадан қонуға шешім қабылдаған.

 «Осы шешімге орай, ұшақ жанармайын жағу үшін Атырау аспанында екі сағат бойы ұшып жүрді. Себебі, жанармай толы ұшаққа қонуға болмайтыны белгілі. Әуежайда мамандар ұшақты тексеріп, әуе кемесінің әрі қарай ұша беруіне болатынын хабарлады» дейді Ләззат Набиева.  

Ұшақ әуежайда 1 сағат 40 минут аялдаған. Ал түнгі 00:40-та Алматыға ұшқан. Алайда, осы жағдайдан кейін 117 жолаушының 27-сі ұшаққа отырудан бас тартққан. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді