Flyarystan әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды

КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған Flyarystan әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырау қаласына қонды.

Алматы, NEGE. «29 мамыр күні сағат 00:45-те КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, жедел қонуға қалың тұман себеп болған. Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 29 мамыр сағат 10:00-де қайта ұшады. Біз кідірістердің алдын алу және рейстерді тоқтатуға себеп болатын жағдайларды жою үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Дегенмен бұл жағдайда рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінен болып отырған жоқ», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.