FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында итті қағып кетті.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2026 жылғы 15 сәуірде Алматы – Шымкент бағыты бойынша ұшқан FS7105 рейсі қонғаннан кейін Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында итпен соқтығысты», – делінген хабарламада.

Соқтығыс салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданған.

«Ауыстыруды қажет ететін бөлшектер Алматыдан жеткізіледі», – дейді FlyArystan өкілдері.

Алайда ұшақтың нақты қандай бөлшектері зақымданғаны айтылмаған және әуежай аумағында иттің қайдан жүргені де белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл дерек Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасында тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды