Fly Arystan ұшағының Алматыға шұғыл қонуының себебі айтылды

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Алматыға қону себебі анықталды.

Алматы, NEGE. Ресми жауапта көрсетілгендей, ұшақ қолайсыз метеоахуалдан соң бағытын өзгертуге мәжбүр болған.

«19 ақпанда Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының КС7325 әуе рейсі желдің қатты соғуынан бағытын бұрып, запастағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Алматыға 8:11-де штаттық режимде қонған. Одан кейін 10:30-да әуеге көтеріліп, 11:49-да Шымкент әуежайына қонды», - деді әуе компаниясынан.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды