Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингісін растады

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін 'BBB' деңгейінде растады, болжам 'Тұрақты', деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Еліміздің рейтингісін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді.

Сондай-ақ ірі фискалды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берді.

Таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанға жоғары тәуелсіз позиция берілді, ол 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37%-ын құрады.

Fitch есебінде атап өтілгендей, қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің коэффициенті 4,6%-ды құрады.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы салымдар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және басқа да бірқатар шаралар депозиттерде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жақын уақыттан бері рейтингтің негізгі факторларының қатарына ESG көрсеткіштері қосылды.

– "Несие берушілердің құқықтары" индикаторы бойынша 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік борышты қайта құрылымдауға жол бермеу ҚР-дың кредиттік қоржынына оң әсер етуде, – делінген Fitch есебінде.