Фируза Шәріпова қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова елордада өткен бокста қарсыласын нокаутпен жеңді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова елордада өткен «Көшпенділер шайқасы» (Битва кочевников) бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс кешінде Фируза Шәріпованың қарсыласы ресейлік Любовь Белякова болды. Ол Украинаның тай боксы бойынша бірнеше рет чемпионы атанған, Тайландта өткен халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ, Ресей Кубогы-2020 иегері. Л. Белякова үшін бұл кәсіби бокстағы дебюд шайқасы болды. Жерлесіміз екінші раундта ресейлік боксшыны нокаутпен жеңді.

Осылайша Ф. Шәріпова кәсіби бокста 14-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. Айта кетсек, Шәріпова биыл сәуірде ресейлік боксшы Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, оны да нокаутқа аттандырған еді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады