Финдер аптасына 4 күн жұмыс істеуі мүмкін

Финляндияның премьер-министрі, 34 жастағы Санна Марин елде 4 күндік жұмыс аптасы мен 6 сағаттық жұмыс күнін енгізуді ұсынды, – деп хабарлайды lifter.com.ua.

Алматы, NEGE. «Төрт күндік жұмыс аптасы және алты сағаттық жұмыс күні. Не себепті бұл біздің келесі қадам бола алмайды? 8 сағат – бұл ақиқат және соңғы шешім деп кім айтты?», – дейді Санна Марин.

Премьер-министрдің ойынша, адамдар отбасымен, жақындарымен көбірек уақыт өткізуді, хобби мен мәдениеттің басқа да маңызды жақтарына уақыт бөлгенді қалайды.

Айта кетейік, финдер қазір аптасына 5 күн, күніне 8 сағат жұмыс істейді. Марин үкіметі құрған коалиция 6 сағаттық жұмыс мерзімін талап етуде.

Финляндияның Білім министрі Ли Андерссон, бұл идеяны қолдайды:

«Фин азаматтарына аз жұмыс істеуге мүмкіндік беру маңызды. Бұл өмірді жақсарту және сайлаушыларға берген уәделерін адал орындау», –дейді ол.

Финдерге көрші Швеция ұзақ уақыт 6 сағаттық жұмыс күнін тәжрибеден өткізген. 2015 жылы елдің екінші үлкен қаласы Гетеборгта қалалық аурухана мен арнайы қорғалатын баспана үйлерінде жұмыс күнін жалақыны төмендетпей 6 сағатқа қысқартқан. Екі жылдан кейін нәтижелер айқын болды: жұмысшылар көңілді, дені сау және еңбегі өнімді болды. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасы артты.

Сондай-ақ, Toyota компаниясының Швециядағы бөлімшесі де жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқартты, бұл ынталандыру мен шығындардың төмендеуіне әкелді.

Ал, сіз Финляндия премьер-министрінің идеясын қолдайсыз ба?

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен