Финляндия хоккейден әлем чемпионы атанды

Финляндия құрамасының хоккейшілері өз елінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Финляндия финалда Канада құрамасын жеңді. Тамперде өткен кездесуде айдын иелері овертаймда 4:3 есебімен жеңді.  Жеңімпаздар сапында Микаэль Гранлунд дубль жасады, Йоэль Армиа бір шайба соқты. Канадалықтар құрамында Дилан Козенс, Зак Уайтклауд мен Макс Комтуа көзге түсті. Овертаймда Сакари Маннинен жеңіс голын соғып, Финляндия әлем чемпионы атанды. Осылайша, Финляндия құрамасы тарихында төртінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп отыр. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды