Финляндия басшысы НАТО-ға кіру туралы заңға қол қойды
Бейсенбі күні Финляндия Президенті өз елінің НАТО-ға кіруі туралы заңға қол қойды. Құжат парламентте 1 наурызда мақұлданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы,NEGE. Түркия мен Венгриядан басқа Альянстың барлық елдері Финляндия мен Швецияның ұйымға мүше болуына келісім берді.
Анкарада парламенттің халықаралық істер жөніндегі комитеті бейсенбі күні Хельсинкидің өтінішін мақұлдады, енді оны депутаттар қарайды. Бұл алдағы бірнеше күннің еншісінде.
Будапеш те келесі аптаның басында Финляндияның кандидатурасын қарастырғалы жатыр және олар да оң пікірде.