Фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланды – прокуратура

Алматыда кино түсіруге бөлінген 400 млн теңгеден аса бюджет қаржысының ұрланғаны анықталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Алматы, NEGE. «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-ын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңгеден аса қаржының ұрланғаны анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Тексеруді экономикалық департамент жүргізіп жатыр.

Бұған дейін «Қазақфильм» АҚ экс-президентінің жемқорлық күдігіне ілінгені хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді