Филиппинде әскери ұшақ құлады
Филиппинде әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті.
Алматы, NEGE. Тағы 49 адам құтқарылған. Еске сала кетейік, кеше Филиппиннің Сулу провинциясында «С-130 Геркулес» ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі ұшу алаңына қона алмай көкке қайта көтеріле бергенде құлады. Бортында 96 адам болған. Олардың 8-і экипаж мүшесі. Алдын ала тергеуге қарағанда апат ұшқыштың қателігінен болуы мүмкін.