Филиппинде 6,0 балдық жер сілкінісі болды

Филиппинде магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Филиппиннің вулканология және сейсмология институты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы,  NEGE. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:10-да тіркелген, ошағы Лусон аралындағы Масбате провинциясының Батуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырымдай жерде 10 км тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулері Лусон мен Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде Албай провинциясындағы Легаспи қаласында, Сорсогон, Солтүстік Самар, Батыс Негрос және Оңтүстік Лейтеде де сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, тереңдігі 20 км деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады