Филиппинде 7,4 балдық жер сілкінісі болды

Филиппинде күшті жер сілкінісі болды. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл.

yahoo.com

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Давао портының оңтүстік-шығысында 144 шақырым жерде, теңіз түбінен 58 шақырым тереңдікте орналасқан.

Филиппиннің сейсмологиялық агенттігі цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Ресми дерекке сай, жағалаудағы аймақтарда толқындардың биіктігі 1–3 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ел президенті Фердинанд Маркос кіші елдің оңтүстік өңірлерінде эвакуация жариялады.

Қазіргі уақытта құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды