Филиппин тұрғындары 2024 RW1 астероидының Жерге құлаған сәтіне куә болды

Атмосфераның жоғарғы қабатында бір жарым метрлік астероид жанып кетті. 

видеодан

Алматы, NEGE. Филиппиндегі Кагаян провинциясының тұрғындары тарихи сәтті – 1,5-1,6 метрлік 2024 RW1 астероидының құлауын видеоға түсіріп алған.

Әлеуметтік желіде жарияланған, Кагаян провинциясында түсірілген видеолардан бұлттардың артында жарқыраған жасыл отты шардың пайда болғанын, содан кейін оның атмосферада жанып кеткенін байқауға болады. Табиғат құбылысынан жапа шеккендер жоқ.  

Бұған дейін астрономдар Филиппин аумағына аспан денесінің құлайтынын болжап, оның басқаларға қауіп төндірмейтініне сендірген болатын. Ғылыми қоғамдастықтар оның шағын өлшеміне байланысты оны метеороид деп атау дұрысырақ болатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді