ФИФА футболдан Тунис құрамасын әлем чемпионатынан шеттетуі мүмкін

Футболдан Тунис құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатынан шеттетілуі мүмкін, деп жазады BBC басылымы.

Алматы, NEGE. Дереккөздің ақпараты бойынша, Тунис құрамасын ФИФА елдің басшыларының футболға араласып кетуіне байланысты шеттетілуі ықтимал. Елдің Жастар және спорт министрі Камель Дегиш жуырды Тунис футбол федерациясын тарқатып жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 

ФИФА бұл мәлімдемені мемлекет басшыларының футболға тікелей әсер етуде деп қабылдап, түсініктеме беруін талап етуде. 

Айта кетейік, Тунис құрамасы Катардағы әлем чемпионатында Дания, Австралия және Франциямен бір топта ойнайды. 

Ал әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды