FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті
FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы өтетін алаң көгалының бөліктерін сатылымға шығарды. Оның бір бөлігінің бағасы – 450 доллар.
Астана, NEGE. Көгалдың шағын бөлігі мөлдір акрилге салынып, арнайы қорапта ұсынылады. Жинаққа оның түпнұсқалығын растайтын сертификат жазылған USB-тасымалдағыш та кіреді.
FIFA бұл тауарды футбол тарихындағы айтулы оқиғадан естелік сақтағысы келетін жанкүйерлер мен коллекционерлерге арналған бірегей бұйым ретінде таныстырды. Тапсырыс әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ғана жеткізіледі. Қазір өнімге АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдерінің тұрғындары ғана тапсырыс бере алады.
Әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «МетЛайф» стадионында өтеді. Биылғы турнирді АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп өткізіп жатыр. Жартылай финалға Франция, Испания, Англия және Аргентина құрамалары шықты.