Фейк: 28 шілде-4 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19 індеті өршиді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Алматы, NEGE. «WhatsApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні» туралы хабарлама таратылып жатыр. Бұл – жалған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев. Бүгінгі таңда елімізде КВИ жұқтырған 549 628 науқас анықталды. Оның ішінде 6 925-сі 27 шілдеде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін