Falcon 9 соңғы екі күнде үш рет көкке көтерілді
Space X компаниясы тағы зымыран тасығышын ұшырды.
Алматы, NEGE. Бұл Falcon 9 зымыранының соңғы 36 сағатта үшінші рет көкке көтерілуі. Бұл жолы Space X зымырантасығышы орбитаға «Глобалстар» байланыс жерсерігін алып шықты. Ол 10 жыл бұрын ұшырылған ғарыш аппараттарына қосылуы тиіс. Жаңа жерсерік ұялы телефон мен төмен жылдамдықтағы мәліметтерді берумен айналысады.