Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады

Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын блоктап тастады.

Алматы, NEGE. Бүгін Instagram мен Facebook Трамптың аккаунтын - 24 сағатқа, ал Twitter 12 - сағатқа блоктады.

Осы әлеуметтік желілермен бірге Youtube те Трамптың Капитолий маңында жақтастарына жолдаған видеоүндеуін көрсетпей қойды. Әлеуметтік желілердің әкімшілігі бұл видео олардың талаптарын бұзатынын мәлім етті.

Бұл - АҚШ президенті осы уақыт аралығында аталмыш платформаларда ештеңе жариялай алмайды деген сөз.