Эво Моралес елден кетті

Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес ақыры елден кетті. Ол бүгін Мексикаға ұшып келді. Мехико мұның алдына оған саяси баспана беруге дайын екенін жария еткен болатын.

Алматы, NEGE. «Туысқандар, мен Мексикаға кетіп барам», – деп жазыпты ұшақта отырып Twitter-ге. Эво Моралес елді саяси себеппен тастап бара жатқаны жанына бататын ашық айтқан. «Күш жинап, қуат алып, жақында мен қайта ораламын», – деп жақтастарына дұғай салем жолдады.

Эво Моралес елдің қарулы күштерінің қысымымен отставкаға кетіп отыр. Жақында Боливияда президенттік сайлау өтіп, жеңіске жеткенмен, елде жаппай қарсылық акциялары күшейген.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін