24 февраля 2025 г. 11:57
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Польшадағы Әлем кубогында жеңімпаз атанды
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд.
Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.