Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза тапқаны расталды

Запорожьедегі 'Мы – вместе с Россией' қоғамдық қозғалысының жетекшісі Владимир Рогов 'Вагнер' жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза тапқанын айтты.

Алматы, NEGE. "Мен жаңа ғана көрнекті "музыканттармен" (Пригожин негізін қалаған "Вагнер" жеке әскери компаниясы) сөйлестім. Олар Евгений Пригожин мен Дмитрий Уткиннің (Пригожиннің оң қолы, "Вагнер" командирі) қайтыс болғанын растады", - деп жазды Рогов Telegram-да.