Эвакуация: Ухандағы қазақстандық қызды Украина ұшағына отырғызбады

20 ақпан Украина Ухандағы шетелдік азаматтарды эвакуациялады.

Алматы, NEGE.  Жоспар бойынша екі қазақстандық азамат сол ұшақпен елге жеткізілетін болған. Алайда Украина ұшағы тек бір ғана адамды алып шықты. Екінші қыздың қызуы көтерілгендіктен ұшаққа мінгізбеді. 

«Екі азаматшамызды елге әкелеміз деп жоспарлап едік. Дәрігерлер біреуінің дене қызуы 37,4 градус екенін анықтаған. Қытай билігі оның елден шығуына тыйым салды. Температура көтеріліп немесе инфекциялық жұқтырудың басқа да белгілері байқалса, солай жасалады. Қытай үшін бұл қалыпты процедура», - деді министрлік.

Ал Уханда жергілікті оқу орындарының бірінде тәлім алып жатқан екінші қазақстандық эвакуацияланды. Қазір ол Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға 14 күнге карантинге жатқызылды. Жағдайы қалыпты, дене қызуы жоқ. 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді