Еуропарламент одақ бюджетіне өзгерістер енгізе ме?

Еуропарламент депутаттары Еуроодақ саммитінде келісілген жеті жылдық бюджетке өзгерістер енгізу туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Құжат еуродепутаттарға қазір ұйымға төрағалық етіп жатқан Германиямен келіссөз жүргізуге құқық береді. Саммитте одаққа мүше елдерге қаржы мемлекет демократияның негізгі қағидаларын сақтаса ғана бөлінеді деп бекітілген. Бірақ Еурокеңес басшысы Шарль Мишельдің ұсынысымен бұл мәселені бақылау жүйесі біршама жеңілдетілді.

Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель: "Біз Еуропа тарихында алғаш рет шығындарды қаржыландыру үшін ұжымдасып, несие алу туралы келісімге келдік. Сонымен бірге бюджетіміз климатты жақсартуға бағытталған іс-шаралармен байланыстырылып, заңның үстемдігін қорғауға бағытталып отыр" деді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді