Еуропаның әуе компаниялары Киев пен Одессаға ұшпайды

Украинадағы ушыққан жағдайға байланысты Германияның Lufthansa әуе тасымалдаушы компаниясы ақпанның соңына дейін Киев пен Одесса қалаларына қатынайтын барлық рейстерін тоқтатты.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар Австрия, Швеция, Брюссель мен тағы бірнеше еуропалық әуе компаниялар да бұл бағытта уақытша ұшпайтын болды. Кеше Киевтен келген соңғы жолаушылар Франкфурт қаласына табан тіреді. Айта кетсек, жуырда Германияның сыртқы істер министрлігі отандастарын Украинадан кетуін сұраған еді. Ал Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірнеше елшілік көшкен Украинаның Львов қаласына рейстер әзірше сапарларын жалғастырып жатыр.  

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр