Еуропаны короновирус жайлап барады

Италияда коронавирус жұқтырған бесінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні Ломбаридия губернаторы Аттилио Фонтана коронавирустан көз жұмған 5-адам 84 жастағы ер адам болғанын және оның ауруханада болғанын растады.

Фонтана Ломбаридиядағы ауру жұқтырғандардың саны 165 адамға жеткенін атап өтті.

Лациода вирусты Қытайдың Ухань қаласынан келген италиялық зерттеуші, сондай-ақ Римнің Спалланцани ауруханасында жатқан тағы екі қытайлық турист жұқтырған.

Ломбардия, Венето, Пьемонт, Трентино-Альто-Адидже және Фриули-Венеция-Джулия облыстарында мектептер, университеттер, мұражайлар, ескерткіштер мен кітапханалар жабылған, сонымен қатар адам көп баратын қоғамдық шараларға тыйым салынған.

Италия билігі коронавирустың таралуына байланысты танымал Венеция карнавалын кейінге шегерді.