Еуропалық Одақ Қазақстанға коронавируспен күреске 1,6 миллион еуро бөледі

Еуропалық Одақ Қазақстанға COVID-19-бен күреске 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөледі, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Алматы, NEGE. Еуропалық Одақ "Орта Азиядадағы COVID-19: Дағдарысқа жауап беру (CACCR)" бағдарламасын жүзеге асырады. Осы орайда ЕО Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға 3 миллион еуро бөледі.

Бұл қаржының басым бөлігі - 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) Қазақстанға бөлінеді.

Аталған көмек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы беріледі. Себебі, Еуропалық Одақ бұл ұйыммен келісімшартқа отырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді