Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді

Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді. Басты шарт – жолаушы вакцинаның міндетті 2 дозасын 14 күн бұрын салдырған болуы керек.

Алматы, NEGE. Еурокомиссия Еуроодаққа мүше 27 елдің тұрақты өкілдерінің осы шешімін мақұлдады. Вакциналаудың куәлігі осы айдың ортасынан бастап беріледі. Әзірге аталған құжатты Еуроодақтан тыс жерде қолдану туралы шешім қабылданған жоқ.

Кристиан Виганд, Еурокомиссияның ресми өкілі:

Енді еуропалықтар вакциналаудың цифрлық куәлігінің арқасында жазғы демалысын қауіпсіз өткізе алады. Бірақ аздаған шектеулер болуы мүмкін. Сондай-ақ Еуроодақ вакцинаны толық алған және емдеп, жазылған азаматтарды шектеулерден босатуға келісті. Бұдан басқа, тестілердің жарамдылық мерзімі бойынша да келісті: ПТР-тестілерге 72, ал антигендерге арналған шұғыл тестілерге 48 сағат болуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде