Еуропаға әуе рейстері қашан ашылады?

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Еуропа елдеріне әуе рейстері қашан ашылатынын айтты.

Алматы, NEGE. Ол Еуропа елдерінде шектеулер бар екенін айтып өтті.

«Егер елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар азайса, жағдайы осыған ұқсас Еуропа елдерімен тұрақты халықаралық рейстерді қалпына келтіру туралы мәселесі қаралады», – деді ол.

Оның айтуынша, елде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты болса, ол мемлекетпен рейстерді қалпына келтіру мәселесі қаралуы мүмкін.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап, Қазақстан 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық рейстерді жандандырды:

  • БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс);
  • Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт;
  • Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы - Минск (2 рейс), Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс);
  • Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы - Киев.

Ал 12 қыркүйектен Мысырға Алматы - Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты