Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

Еуропада ковид-19-дың жаңа толқыны басталды, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша соңғы аптада кәрі құрлық елдерінде вирусты жұқтыру дерегі үш есеге көбейген. Нақтырақ айтқанда, Еуропа елдерінде 3 млн астам адамның бойынан ковид белгілері анықталды. Бұған жаңа штамдарының тез таралуы себеп. Осы уақытқа дейін ауырғандар да инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау сарапшылары халықты жаппай вакциналау бойынша тиісті шара қабылдап, маска тағып жүруге үндейді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті