Еуропада коронавирустың алғашқы құрбаны тіркелді

80 жастағы Қытай азаматы Францияда көз жұмды. Ол – Еуропада коронавирустан қайтыс болған бірінші адам.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Франция Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузеннің сөзіне сілтеме жасап, BFMTV телеарнасы хабарлады.

«Бұл адам Францияға 16 қаңтар күні Қытайдың Хубэй аймағынан туристік сапармен келген. Ол Bichat ауруханасына 25 қаңтар күні жатқызылды. Жағдайы күннен-күнге төмендей берді. Соңғы күндері ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты» дейді, Аньес Бузен.

 

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды