Еуропада балалар 16 жасқа дейін әлеуметтік желілерді пайдалана алмауы мүмкін

Еуропарламент депутаттары Еуропалық Одақ елдеріне 16 жастан кіші балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды ұсынатын қарар қабылдады.

newstyle-mag.com

Астана, NEGE. Депутаттар бүкіл Еуропа бойынша тіркелу үшін жасын тексеруге арналған қосымша мен сандық жеке куәлікті қамтитын «элекрондық әмиян» жасау идеясын қолдады.

«Парламент әлеуметтік желілерге, видео платформаларына және жасанды интеллект серіктестеріне қол жеткізу үшін ең төменгі жас шегін 16 жасқа көтеруді ұсынады, ал 13-тен 16 жасқа дейінгі балаларға ата-аналарының рұқсатымен қол жеткізуге рұқсат береді», – деп хабарлады ведомства.

Бұдан басқа, Еуропарламент депутаттары кәмелетке толмағандарды блог жүргізіп, қаржымен қызықтыруға тыйым салуды да ұсынады.

Резолюцияны 483 депутат қолдаған, 92 депутат қарсы шыққан, ал 86 депутат дауыс беруден бас тартқан.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады