Еуропа Одағының санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанға келеді

Еуропа Одағының санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы, NEGE. «ЕО санкцияларына келетін болсақ, олар соғыс агрессорлары – Ресей мен Беларуссияға қарсы бағытталған. Еуропалық Одақ санкциялардың қалай жұмыс істейтінін, сауда айналымының қалай өзгеретінін мұқият бақылап отыр. Біз қазақстандық әріптестерімізбен осы мәселелерді бірнеше рет талқыладық. Біз қазір санкцияларға қатысты көптеген мәселелер бойынша әрі қарай жұмыс істеу үшін 24-25 сәуірде ЕО-ның ведомствоаралық сарапшылар тобының, оның ішінде санкциялар жөніндегі арнайы өкіл Дэвид О`Салливанның Астанаға сапарына дайындалып жатырмыз», - деді Еуроодақ елшісі Кестутис Янкаускас.

Еуроодақтың Қазақстандағы Елшісі атап өткендей, қазірдің өзінде аталмыш жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Біз елдер, соның ішінде Қазақстанда ынтымақтастық арқылы санкцияларды айналып өту бойынша мәселелер оң шешімін табады деп үміттенеміз. Егер бұл ынтымақтастық күткен нәтиже бермесе, біз санкцияланған тауарлардың Ресей мен Беларусь нарығына еркін енетін елдерге экспортын шектеудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүр боламыз», - деп қосты Янкаускас.