Еуропа лигасында аптаның үздік ойыншысы кім болды?

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлады UEFA

.

Алматы, NEGE. Бұл атаққа үміткерлердің қатарында Маркус Рэшфордтан бөлек, франциялық "Монаконың" қорғаушысы Аксель Дисаси, испаниялық "Севилья" клубының жартылай қорғаушысы Лукас Окампос және украиналық "Шахтер" ойыншысы Дмитрий Крыськив болды.

Осылайша, жанкүйерлердің дауысымен "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы аптаның үздік ойыншысы атанып отыр. Ал Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атағына португалиялық "Бенфика"клубының жартылай қорғаушысы Фредрик Эурснес ие болды. Ол "Брюгге" қарсы матчта командасының жеңіске жетуіне көп үлес қосты.

Айта кетсек, "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды