Еуропа қымбат электр энергиясынан қиналды

Еуропада электр энергиясының бағасы қымбаттап, рекорд жаңартты, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE.  Мәселен, Германияда қазір бір мегаватт 840 еуро тұрады. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады. Бағаның өсуіне ресейлік "Газпром" компаниясының "Солтүстік ағын-1" құбырын жөндеу үшін 3 күнге жабу туралы шешімі әсер еткен.

Сондай-ақ Францияда электр қуатына арналған фьючерстердің құны 1 мың еуроға көтерілді. Осыған байланысты елде атом секторының жұмысында кедергі туындады.

"Кәрі құрлықта" инфляция деңгейі 9 пайызға артып, тұрғындар мен бизнес нысандарын қыспаққа алды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті