Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

4-5 маусым аралығында Францияның Париж қаласында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Шара Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігі мен Франциядағы Қазақ-Түрік қоғамы, сонымен қатар «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ-ның атсалысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу-құрылтайдыңалғашқы күнінде Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы ұлы тұлғаларға тағзым етуге арнайы барды.

Атап айтқанда, Алаштың азаттық күресінің қайраткері Мұстафа Шоқай мен хәкім Абайдың ескерткішіне барып, құран бағыштады, гүл шоқтарын қойды. М.Шоқайдың ескерткіші Париж маңында кезінде өзі тұрған үйдің қасында орналасқан. Ал Абай атамыздың ескерткіші Париждің дәл ортасындағы ақындар саябағында бой көтерген.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ