Еуропа елдері AstraZeneca екпесін салдыртуды қайта бастады

Еуропада дәрілік заттарды реттеуші (ЕМА) бейсенбі күні AstraZeneca вакцинасының қауіпсіз әрі тиімді екенін растағаннан кейін Еуропа елдері бұл вакцина салдыртуды қайта бастап жатыр.

Алматы, NEGE. Мамандар бұл бұл қорытындыны AstraZeneca. Препаратын салдыртқан Еуропа елдері тұрғындарында тромбтардың пайда болуының тіркелген оқиғаларын зерттеген соң жасады. Бейсенбі күні ЕМА AstraZeneca вакцинасы мен кейбір пациенттерде тромбоз оқиғаларының арасында байланыс таппағанын мәлімдеді.

Жұмадан бастап AstraZeneca вакцинасын қайта қолдана бастайтын елдердің қатарында Франция, Германия, Италия, Португалия, Латвия және Литва бар. Нидерланды AstraZeneca вакцинасын келесі аптадан бастап қолдана бастайды. Ел билігі бір апталық үзіліс салдарынан 110 мың адам екпенің жоспарланған дозасын алмағанын мәлімдеді. Еске салсақ, Швеция AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтатты. Сонымен қатар Еуропаның бірқатар елі AstraZeneca вакцинасын қолданудан уақытша бас тартқан еді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті