Еуропа чемпионаты: Қазақстанның футболдан жастар құрамасы Бельгиядан жеңілді

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысының екінші турында сырт алаңда Бельгиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында бельгиялық футболшылар алғашқы минуттан алаң төрінде басымдық танытты. Оған қазақстандық жастар лайықты қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде де ойын барысы осылай өрбіп жатты. Десе де бельгиялық жастардың белсенділігі байқалды. Ойынның 77-минутында алаң иелері қатарынан Казим Олайгбе мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына есе жіберді. Есеп - 0:1.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?