Еуроодақта 6 млн жұмыс орны қысқарған

2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың екінші тоқсаны аралығында Еуроодақ аумағында 5,7 миллион жұмыс орны қысқарған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Еңбек және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Еуропа қоры хабарлады. Аталған мекеме келтірген мәліметке сәйкес, жұмыссыз қалғандардың дені жастар екен. Сала бойынша дағдарыстан ең көп зардап шеккен туризм, қоғамдық тамақтану секторлары. Ал елге жіктеп қарайтын болсақ, кеселдің зиянын ең көп Франция, Польша, Италия мен Грекия мемлекеттері көрген. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады