Еуроодақ Ресей мұнайынан бас тарта ма?

Еуроодаққа мүше 27 ел Ресей мұнайына эмбарго жариялау жөнінде келісімге келген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы Одақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен аяқ астынан Будапештке барып, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен осы мәселені талқыға салды. Будапешт эмбарго жариялауға қарсы шыққан еді.  

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

– Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері деңгейінде пікірталасты жалғастырып жатырмыз. Алайда бірқатар қиындық әлі де бар. Ымыраға келетінімізге үміттімін. 16 мамырда сыртқы істер министрлері деңгейінде Еуроодақ Кеңесінің мәжілісі өтеді. Егер қажет болса, бұл мәселені сол басқосуда талқылаймыз. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін