Еуроодақ кеңесінің төрағасы Украинаға барды
Еуроодақ кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Украинаға сапармен барды, деп хабарлайды Еuronews.
Алматы, NEGE. Сапар арасында Еуропа кеңесінің басшысы Киев маңындағы Бородянка елді мекенін аралады. Шарль Мишель Украинаға қолдау көрсету сапарымен барды. Ол Украинаны «Еуропаның еркін және демократиялық жүрегі» деп атады. Еске салсақ, бұған дейін Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украина астанасына сапармен барған еді.