Еуроодақ Иранға қарсы санкция енгізді

Еуропалық одақ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Оған аймақтағы адам құқығының шектелуі мен биліктің  ереуілдерді күшпен басуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қара тізімге 11 адам мен 4 ұйым іліккен. Оның ішінде әдет-ғұрып полициясы бар. Иранның технология министрі де наразылық акциялар кезінде интернетті бұғаттағаны үшін шектеулерге ұшырады. Енді Еуроодақ Иранның ұшқышсыз апараттары Ресейге жеткізілгені расталса қосымша санкция жариялау керек дегенді алға тартады. Жуырда Киев Иранның дрондарымен атқыланғанын хабарлаған. Тегеран болса бұл ақпаратты жоққа шығарады. Ал Кремль еш түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті