Еуроодақ 100 млрд еуро жоғалтуы мүмкін

Еуропалық одақ вакциналау мерзімінің кешігу салдарынан 100 миллиард еуро жоғалтуы мүмкін.

Алматы, NEGE. «Блумберг» агенттігінің мәліметі бойынша, Ұлыбританияда екпені 100 адамның 33-і, АҚШ-та 25-і қабылдаса, Еуропалық одақтың 8-і ғана вакцина салдырған. Екпе науқанының баяу жүруі әлемдік инвесторларды қатты алаңдатуда. Вакциналаудың жоспарлы мерзімнен артта қалуына препараттардың уақытылы жеткізілуі мен халықтың дер кезінде егілмеуі себеп. Сарапшылар вакциналау тежелсе, еуроаймақтағы экономиканың қалыпқа келуі де созылады деп ескертуде.

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді